Петропавлда қар шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қыстан бері шаһардан 850 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Маңызды іс су тасқынының алдын алуға бағытталған. Көшелерден жиналған ақ ұлпа арнайы полигондарға шығарылады. Полицейлер тұрғындардан көліктерін көше бойына қоймауларын сұрайды. Себебі, бұл қар тазалау жұмыстарына кедергі келтіреді.

Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер суағарларды жүйелі түрде тазартуда. Петропавлда қар тазалау жұмыстарымен 9 серіктестік айналысады. 170 техника жұмылдырылған. Жауапты мамандар күні-түні аянбай еңбек етуде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр 132 мыңнан астам адам скринингтен өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *