Облыстық тарихи-өлкетану музейінде облысымыздың 90-жылдығына орай шара өтті. Теріскейдің өткенінен сыр шертетін деректердің бірқатары аталған тарихи орында сақтаулы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін экспонаттардың барлығы жергілікті студенттерге көрсетілді. Тағылымы мол жиынға өңірдің дамуы көз алдында өткен ел ағалары шақыртылды. Олар жастармен көбі біле бермейтін ақпармен бөлісті.

Облысымыздың дамуына Жұмабек Тәшеновтің қосқан үлесі зор. Кеңес үкіметі 5 облысты бөліп алмақшы болғанда біртуар тұлғамыз қарсы шыққан. СҚО-ның тумасы болғаныма өте қуаныштымын. Өзім облыспен құрдаспын деп айтсам болады. Жыл сайын өркендеп жатырмыз. Жастар өткеніміз жайлы білуі қажет, — деді тыл ардагері тілек Әбдірахманов.

Бүгінгі өткізілген шарада өлкеміздің тарихы жайлы кеңінен айтылды. Осы ретте маңызды деректермен бөліссек, Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылған. Аумағы 200 мың шақырымды құраған. Құрамында 25 аудан болыпты. Халқының саны 500 мыңнан асқан.

90 жылдың ішінде облысымызда қыруар шаруа атқарылды. Әр салада өсу байқалады. «Жастар аға буын өкілдерінің даңғыл жолын жалғастырса, алар асуларымыз көп болар еді», — дейді ұйымдастырушылар.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *