2024 жылғыдай опық жеп қалмас үшін қазірден қамдану қажет. СҚО-да өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media
Маңызды шара су айдындарында мұз кептелісі болмау үшін жасалады. Тасқынның алдын алуға зор септігін тигізеді. Маңызды іспен ақмолалық серіктестік айналысуда. Олар алдымен Есілдің бойынан 20-ға жуық мұзды ойып алды. Кейін жарылғыш зат қойды.
Маңызды іске облыстық бюджеттен 83 млн теңге бөлінді. Мамандар 21-наурызға дейін өңірдің жеті ауданында мұз жару жұмыстарын жүргізеді. Айта кету керек, бұл тасқынның алдын алу шарасының балықтарға еш зияны жоқ

«Облыс бойынша 41 учаске белгіленді. Мұздың қалыңдығы — 53-60 см аралығында. Өткен жылдың тәжірибесіне сәйкес осындай жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін механикалық кесу жұмыстарын жүргізген болатынбыз», — деді СҚО ТЖД басқарма бастығы Дәурен Таубаев.
Қазіргі таңда облыста 112 ауылды су басу қаупі бар. Елді мекендерде 7 мыңнан астам адам тұрады.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің 35 студенті Қытайда білім алып жатыр

