Ораза ұстау кезінде денсаулыққа зиян тимесі үшін қандай ережелерді сақтаған жөн. СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауыз бекіткен жамағаттың тамақтану, ұйқы және физикалық белсенділік тәртібі өзгереді. Сондықтан энергияны сақтау және мүмкін болатын асқынулардың алдын алу үшін бірнеше факторды ескерген абзал. Ауызашар(ифтар) мен сәресі(сухур) арасындағы уақытта су ішуді ұмытпаңыз. Кешкі уақытта аз-аздан , бірнеше рет ішкен дұрыс.
Ауыз ашар кезінде тамақты баяу ішіңіз. Бұл асқазандағы ауырлықты болдырмауға көмектеседі. Мүмкін болса сәресін қалдырмаған дұрыс. Ол күні бойы энергияны сақтауға және әлсіздік пен бас айналудың қаупін азайтуға көмектеседі.
«Тәтті, тұз және майлы тағамдарды шектеңіз. Оның орнына жеміс жеген дұрыс. Жаман әдеттерді тыйылған абзал», — деп хабарлады СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында 72 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

