Облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы мемлекеттік орман қорын заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл жөнінде талдау жүргізді. Шара барысында бірнеше заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дәлірек айтсақ, жекеленген орман иеленушілер орман қорын күзету мен қорғауда бірнеше қателікке бой алдырған. Заңсыз кескендер да болыпты. Бұл қордың сақталуына кері әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік орган шаруашылықтарының статистиканы бұрмалағанын да анықтады.
«Тексерудің нәтижесінде алты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз кесудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Орман қорын күзету прокуратураның жіті бақылауында», — деп мәлімдеді қадағалау органы.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы жылу желілері 66 пайызға тозған

