Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына өте ауыр күйде 52 жастағы ер адам түсті. Фельдшердің сөзінше, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, сірке суын ішкен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Науқас көмекке жүгінердің алдында бір сағат бұрын мас болып, сірке суын белгісіз мөлшерде ішкен. Ол суицид жасамақ болған. Қабылдау бөлімшесінде пациентті шұғыл қарап-тексерді. Жағдайының ауыр екені ескеріліп, ол шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жеткізілді.

Ер адам тыныс алуы нашарлап кетті. Реаниматологтар пациентті ӨЖЖ аппаратына қосты. Науқасқа сірке суын ішіп, улану; ауызының, жұтқыншағының, өңеш пен асқазанның, аш ішектің шырышты қабығының химиялық күйіктері; алкогольдік энцефалопатия диагнзы қойылды.

Пациент бес тәулік бойы дәрігер мен мейіргерлердің тұрақты бақылауымен жансақтау бөлімінде жатты. Жағдайы тұрақтанған соң терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Онда бейінді дәрігерлер емдеуді жалғастырды.

«Жүргізілген емнің нәтижесінде 10-шы тәулікте жағдайы жақсарды, интоксикация белгілері жоғалды. Дәрігерлердің ұсыныстарына қарамастан, пациент одан әрі емделуден бас тартты», — деп мәлімдеді медициналық мекеме.

Өкінішке қарай, бұл бір ғана жағдай емес. Қазіргі уақытта көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде өз-өзіне қол жұмсамақ болып, сірке суын ішкен екі пациент жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көктемге қарқынды дайындық жүріп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *