Айыртау ауданында мектепте сірке суын ішіп, уланған қыздың жағдайы жақсарды. Қазір жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
10 сынып оқитын қыздың сірке суын ішіп, уланғаны туралы 5-ші ақпан белгілі болған еді. Ол содан бір күн бұрын мектепке барып, а лғашқы сабаққа қатыспай, дәретханада сұйықтықты ішкен. Оқушы өте ауыр халде тікұшақпен Петропавлға жетікізілген еді.
Ол кезде қыздың жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап, бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Ал, қазір мамандар, науқастың денсаулығы жақсарғанын айтып отыр.
«Науқас жансақтау бөлімін палатаға ауыстырылды. Қазір ол әрі қарай ем қабылдау үшін хиругия бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа»,-деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Тексеру комиссиясы денсаулық және құрылыс салаларындағы бұзушылықтарды анықтады

