СҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды. Нәтижесінде бірнеше бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мемлекеттік аудит денсаулық сақтау басқармасында медициналық жабдықты пайдалану бөлігінде елеулі проблемаларды анықтады. Анықтап айтсақ, медициналық мекемелерге 115,7 млн теңге сомасындағы жабдық алынған. Бірақ, олар іс жүзінде пайдаланылмайды екен.
Сондай-ақ, тексеру барысында құрылыс басқармасында 35,9 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 1,6 млн. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалмаған, 18,6 млн. теңге сомасына технологиялық жабдықты жеткізбеу, 15,7 млн теңге сомасына дизель-генератор жабдығының құнын негізсіз көтеру сияқты фактілер.
«Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта бұзушылықтар түзелетін болады», — деп мәлімдеді СҚО бойынша Тексеру комиссиясы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үй кезегінде тұрған 80-нен астам тұрғынға жалдамалы пәтер беріледі

