Көптен күткен қоныстой! Пәтер кезегінде тұрған 81 жерлесімізге жалдамалы баспана беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жуырда үй кезегінде тұрған азаматтардың бірқатарына жалдамалы пәтер берілетін болады. Баспана Петропавлдағы Қазбек Байболов көшесі 55, 57, 59, 61 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ СҚОФ хабарлады. Алдағы күндері 80-нен астам жерлесіміз көптен күткен қоныс тойларын тойлайтын болады.

«Біз әрқайсысына «SMS-код» жібердік. Олар міндетті түрде банк филиалына келіп, қажетті құжаттарды жинауы тиіс. Біз сіздерді асыға күтеміз», — деді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы Дарина Бәшенова.

Тағы оқыңыз: Қытайдың Жаңа жылы: Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жолдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *