Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелейміз десек, батысқа бет бұрудың қажеті жоқ. Петропавлда «Абайдың қара сөздері» атты туындыны жасөспірім жастағы ұл-қыздар тамашалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кейінгі толқынға артынан өшпестей із қалдырған атақты Абайды танытсақ жеткілікті. Жастарға данышпанымыздың мол мұрасын жақындату, ұғындыру мақсатында Ақан сері атындағы облыстық филармония қабырғасында театрландырылған қойылым сахналанды. «Абайдың қара сөздері» атты туындыны жасөспірім жастағы ұл-қыздар тамашалады.

Абай — адамдықтың, адалдықтың үлгісі. Оның өлеңдері, қара сөздері жүрек түкпіріне жетеді, ала жіпті аттамауға шақырады.

 

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, оқушыларға «Абайдың қара сөздері» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Қойылымның негізгі мақсаты — жастардың адамгершілік және құқықтық тәрбиесін арттыру. Жастарды тәртіпке бағынуды үйрету», — Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рауан Туғанбай.

Кеш әртүрлі бағытты қамтыды. Абайдың қара сөздері, өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Осы арқылы жастар тағылымды ой қалыптастырды.
Ойшылдың философиясы — қайнар бұлақ, түбі жоқ теңіз. Әр адам өзіне іздегенін Абайдан алады.

«Көп нәрсені Абай тағылымынан іздеп жатамыз. Оның сөздері бүгінгі күні де ұмыт қалған емес. Ол кісі елді бірлікке шақырып, ел ішіндегі тәртіп туралы да әдемі айтып кеткен. Мен бүгінгі шарада Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» деген әнін орындаймын», — деді Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Біржан Есжанов.

Мамандар құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында бұзақылықты азайту мақсатында болашақта тағы да осы сынды шараларды көптеп өткізбекші.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қолдауға арналған шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *