Ата заңға енгізілетін өзгерістердің нәтижесінде құқықбұзушылықтар саны азаяды. Облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель осылай деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы. Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында бұл қағида алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Бұл құжаттың бүкіл мазмұнынан көрініс тапты. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесіне де айрықша мән берген.

«Жаңа Конституцияға азаматтардың құқықтарын қорғайтын, отбасының тыныштығын сақтайтын, елге пайдалы қаншама өзгеріс енгізіледі. Заң бар жерде тәртіп орнайды. Қазіргі алмағайып заманда ел іші мен сыртындағы тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Бұған билік өкілдері ғана емес, тұрғындар да атсалысуы тиіс. Біз бірігіп қана бар қиындықты жеңе аламыз», — деді Евгений Кинцель.

«Заң мен тәртіп үстемдік етпейінше, ел дамымайды, сана өзгермейді». Евгений Кинцель осылай деп есептейді. Білікті заңгердің сөзінше, жаңа Конституция билік пен халық арасындағы сенімді нығайтады.

«Былтыр өңірде құқықбұзушылықтардың саны 13 пайызға азайған. Бұған Мемлекет басшысының енгізген «Заң және Тәртіп» қағидаты зор үлесін тигізді деп ойлаймын. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия барлық ұсыныстарды қарады, жіті саралады. Бірақ, халықтың тарапынан түсіністік болмаса мұның барлығы бекер. Сондықтан, тұрғындар енгізілетін өзгерістерге бейжай қарамай, заңға бағынуы қажет», — дейді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Тұқым-2026 Қызылжар» халықаралық конференциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *