Петропавлда жастарға адам саудасы жайлы айтылдыылы жүргізіледі. Бұл туралы заң саласының мамандары Петропавлда өткен іс-шарада айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Аймақта өткен жылы адам сатылымына қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Алайда, жағаны жайлауға жіберуге болмайды. Көбіне адам саудасының негізгі құрбандары — әйелдер, балалар және шетел азаматтары. Қылмыскерлер көбіне интернет арқылы алдап, жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынады. Осындай жалған ұсыныстарға сенген жандар шетелге шығып кетеді.
Петропавлда жастарға адам саудасы жайлы айтылды
«Қылмыскерлер кейін алданған жанмен ойына келгенін істейді. Олар сатылып та кетеді. Әйелдерді сексуалдық қатынасқа мәжбүрлейді немесе көшеде қайыр сұратқызады. Тұрғындарға айтарымыз, күдікті жандармен сөйлеспеңіздер. Жолға шығар алдында жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды айтыңыз. Қайда жүргеніңіз жайлы хабарлап отырыңыз. Кез келген адамға жеке құжаттарыңызды бере салмаңыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға бас-көз болыңыздар», — СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының жедел уәкілі Аягөз Байменова.
Қылмыстың тіркелмеуі оның жоқтығын білдірмейді. Сондықтан, құқықтық сауаттылық пен қырағылық аса маңызды. «Заң мен тәртіп» бағдарламысы аясында өткен «Адам саудасы: тарихи мен қазіргі заман» атты шарада құқық қорғау органдарының мамандары жастармен тың деректермен бөлісті. Оңай табысқа сенбей, адал жолмен ақша табу қажет екенін мәлімдеді.
Петропавлда жастарға адам саудасы жайлы айтылды
«Жастардың барлығы дерлік интернетте отырады. Біз оларға оның зияны мен пайдасы жайлы жиі айтып отырамыз. Келешек ұрпақтың болашағы үшін осындай шараларды көптеп өткізуге тырысамыз. Біз құқық қорғау органдарымен тығыз байланыстамыз. Олар біз ұйымдастырған шараларға жиі қатысып, жаңа деректермен бөліседі», — деді Петропавлд қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.