МӘМС жүйесінің тиімділігін тағы бір солтүстікқазақстандық тұрғын сезінді. Тізесі көп жылдан бері ауырып жүрген Тимирязев ауданынан келген Марина Драноваға күрделі ота жасалды. Оған эндопротездеу жасалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауыл тұрғыны алдымен аудандық емханадағы ортопед дәрігерге қаралған. Дәрігер толық тексеру өткізіп, тізе буынын  қалалық көпсалалы ауруханада емдеуге жолдама береді. Петропавлға келгесін ақ халатты мамандар науқасқа тізе буынын эндопротездеу отасын жасау туралы шешім қабылдаған.

«Пациентті толық тексеріп, тізе буынын эндопротездеу қажет деген шешімге келдік. Отадан кейін ауырсыну басылды, қазір өзін жақсы сезінеді. Бұл операция МӘМС  аясында жасалды», дейді травматолог-ортопед Ислам Қуандықов.

Марина Драноваға сол жақ тізесіне ота жасалған. Енді 1,5 айдан кейін оңалту кезеңі басталады.

«Менің екі тізем де ауыратын. Біреуіне операция жасалды. Оңалтудан кейін оң жақ тіземе де ота жасатуды жоспарлап отырмын. МӘМС жүйесі арқылы, сақтандырылған статусымның арқасында эндопротездеуді жасатып алдым. Дәрігерлерге үлкен рақмет»,  деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы МӘМС  жүйесі бойынша тізе буынын эндопротездеу бағытында 300-ден астам операция жасалған.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің студенттеріне әлемге белгілі ғалым сабақ береді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *