СҚО-дағы жалғыз университет өкілдері Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары 10 мыңнан астам оқушыны қамтыды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Университет өкілдері Қызылорда және Түркістан облыстарында болды. Ірі елді мекендерден бастап шалғай ауылдарға дейін барды. Кездесулер барысында мектептер мен колледждердің бітіруші түлектеріне жоғары оқу орнына түсу ережелері, оқу шарттары, сондай-ақ студенттік жатақханаларда тұру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Айта кету қажет, «Kozybayev University» — де жатақханамен мәселе жоқ. Сонымен қатар университет жаңа оқу-зертханалық корпуспен, заманауи коворкинг-кеңістіктермен және сапалы білім алуға қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
Талапкерлер мен олардың ата-аналарына «Серпін» бағдарламасына қатысу, Петропавл қаласына қоныс аудару, орналастыру және бейімделу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

«Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша Kozybayev University-де 150-ден астам студент білім алады. 2024 жылы университет базасында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды біріктіретін Serpin Qoldau өңірлік жобалық офисі құрылды. Оның қызметі аясында білім алушыларды кәсіби бағыттау, тренингтер, тілдік курстар, психологиялық бейімделу бағдарламалары, сондай-ақ мәдени интеграцияға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады», — делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшасында.

Түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында университет Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі жұмыс берушілермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Сонымен қатар білім ордасы бағдарлама түлектеріне жатақханалардан уақытша тұрғын үй ұсынады.

Тағы оқыңыз: Снежанна Имашева: Конституцияның Преамбуласы – ел дамуының басты бағдары

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *