20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтуде. Өңір бойынша полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп құрылған 14 мобильді топтың құрамында базарлар мен отшашулар сатылатын сауда орындарын тексеруде, деп жазады Qazaqstan Media.
Тәртіп сақшылары заңсыз сатылатын пиротехникалық бұйымдардың қауіпті екенін ескертеді. Яғни олардың сапасына ешкім кепілдік бермейді, сақтау талаптары сақталмауы мүмкін, ал бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. 5 желтоқсанда басталған іс-шараның алғашқы кезеңінен бері полиция пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 31 фактіні анықтады, оның 15-і Петропавлда тіркелген. Заңсыз айналымнан барлығы 5 789 пиротехника тәркіленді. Сондай-ақ полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдардың балалардың қолына түсуіне жол бермеуге шақырады. Пиротехниканы қолдану кезінде нұсқаулық талаптарын қатаң сақтап, қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындау қажет.
Тағы оқыңыз: Биыл СҚО спортшылары жарыстардан 1100-ден астам медаль еншіледі

