Солтүстік Қазақстан облысынан Ақмола облысына шығатын барлық автожолдар жабылды. Осыған байланысты патрульдік полицияның жұмысы көбейді. Олар 500-ден астам көлікті қауіпсіз аймаққа жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Көршілес өңірде жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ қаупі туындады. Полиция көлік қозғалысын патрульдік автокөліктердің ілесуімен ұйымдастырылған колонналар арқылы қамтамасыз етті. Жұмыс екі бағытта жүргізіліп, көршілес облыстағы әріптестермен іс-қимыл үйлестірілді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары аудандарда және облыс орталығында да күшейтілді.
Жолдар ашылғаннан кейін де тәртіп сақшылары күшейтілген дайындық режимін сақтап отыр. Жүргізушілерге ескертіледі: мұзтайғақ қаупі әлі де бар. Түнгі уақытта жолдарды қайта жабу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
«Мұз қатқан жолдарда қозғалған кезде жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет. Көліктер арасындағы арақашықтықты барынша ұлғайту, күрт маневрлерден бас тарту қажет. Мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн», — СҚО ПД бастығының орынбасары Марат Жұмалиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жұмысшы мамандар құрметке бөленді

