СҚО-да «Қауіпсіз жол! Назар аударыңыз — көктайғақ!» акциясы өтті. Шараны облыстық прокуратура өкілдері жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Іс-шараның мақсаты — қыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сонымен қатар, көктайғақ жағдайында жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі апаттар мен жарақаттану деңгейін төмендету. Құқық қорғау органдарының өкілдері қала ішінде және республикалық автожолда жүргізушілермен тілдесті.
Мамандар рөл тізгіндеген жандарға жолда жылдамдықты сақтау, қашықтықты ұлғайту, қысқы шиналарды пайдалану сияқты қарапайым ережелерді түсіндірді. Сондай-ақ, тайғақ жолда кенет маневрлер мен шұғыл тежеуден бас тарту, мас күйінде көлік жүргізбеу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбау қажеттігін айтты.

«Ағымдағы жылдың 11 айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 542 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 47 адам қаза тауып, 710-нан астамы жарақат алды. Статистика көрсеткендей, жол қауіпсіздігінің жағдайы апатты. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігіне жүргізушілердің кінәлі. Акция аясында үш мыңнан астам жаднама таратуды жоспарлап отырмыз», — СҚО прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Алмас Асаинов.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 624 тұтынушының өтініші қаралды: 17,5 млн теңге қайтарылды

