2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты қосымша демалыс күндері күтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

eGov порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 және 2 қаңтар – ресми мереке күндері. Аталған күндер бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді.

Ал 3 және 4 қаңтар сенбі және жексенбіге тура келеді. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар Жаңа жыл мерекесінде қатарынан төрт күн демалады.

Сонымен қатар 7 қаңтар, сәрсенбі күні, Қазақстанда Рождество мерекесі атап өтіледі. Бұл да қаңтар айындағы қосымша демалыс күндерінің біріне айналады.

Мерекелік күндермен қатар, қаңтар айында заңнамаға сәйкес сенбі мен жексенбі күндері де демалыс болып есептеледі. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қаңтар айында жалпы 12 күн демалады.

Тағы оқыңыз: Корпоративтик табыс салығының мөлшерлемесі бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *