Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров СҚО-ға жұмыс сапары аясында Ғ.Мүсірепов ауданында болды. Ведомство басшысы негізгі агроөндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ғабит Мүсірепов ауданында министр «Новоишимский мелькомбинат» серіктестігіне қарасты жем комбинатының құрылысының тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын заманауи автоматтандырылған желілермен жабдықталған. Жылына 750 мың тонна өнім шығаруға есептелген.

Жобада сыйымдылығы 9 мың тонна элеватор, тазалау және орау цехтары, роботтандырылған қойма қарастырылған. Құны — 4,1 млрд теңге.
Қазіргі уақытта негізгі жабдықтар монтаждан өтіп, іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорынды биылғы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.
Жобаның жүзеге асуы өңірдің мал шаруашылығы кәсіпорындарын сапалы жеммен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров «Буденное СК» серіктестігіндегі 1 200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы барысымен танысты. Жобаның құны — 9,0 млрд теңге. Ферманың жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна сүт өндіруге жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Биылғы жылдың соңына дейін голштин-фриз тұқымды 660 бас ірі қара мал жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, биыл аталған облыста 14 сүт-тауарлы ферманың құрылысы үшін барлығы 13,2 млрд теңге қаржы бөлінді.

«Құрылыстың сапасына ерекше мән беріңіздер. Жұмысты да абыроймен атқарған дұрыс. СҚО — сүт өндіру бойынша елде алдыңғы қатарда. Бұл жақсы үрдіс әрі қарайда жалғасын табуы тиіс», — деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: Наталья Богданова — жылдың үздік боксшысы атағына үміткер

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *