Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Наталья Богданова «World Boxing» ұйымының «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына үміткерлер тізіміне енді. Еске сала кетейік, жерлесіміз биыл әлем чемпионы атанған болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«World Boxing» ұйымының «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына үміткерлердің есімі белгілі болды. Оның ішінде жерлесіміз Наталья Богданова бар. Ол 2025 жылғы Ливерпульдегі World Boxing чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Оның басты бәсекелестері – Үндістаннан Жасмин және Минакши, Норвегиядан Суннива Хофстад, Польшадан Агата Качмарска.
Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылғы «World Boxing» өткізген әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Құрамамыз 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды. Айта кетейік, бас жүлденің тағдыры әлеуметтік желілердегі көрермендердің дауысы арқылы анықталатын болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да этностар арасындағы бірлікті нығайтуға бағытталған форум өтті

