Тағы бір адамның өмірін алған өрт оқиғасы 16-шы желтоқсан күні орын алған. Ғ.Мүсірепов ауданы Гаршино ауылында жер үйден от шықты, деп жазады Qazaqstan Media.

Жеке сектордағы өрт туралы хабар құтықарушыларға 16-шы желтоқсан күні таңда түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға «СП Гаршино» өртке қарсы ерікті құрылымы мен өрт сөндірушілерден  сегіз маман және үш техника жіберілген. Олар отты толықтай сағат алтыдан  30 минут кеткенде ауыздықтапты.

«Өрт сөндірушілер бірден отты ауыздықтауға көшті. Оқиға орынан 1941 жылғы әйел адамның жансыз денесі табылды. Өрттің шығу себептері мен шығын анықталып жатыр»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және пешті қолдану кезінде талаптарды орындауға шақырады.  

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртудан өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *