Петропавлда бес баланың әкесі отбасылық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Қазір 41 жастағы мүгедек ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Күні кеше #НеМолчиKZ қорына Петропавл қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің туысының ауыр жағдайы туралы айтып берген. Әйел адам көп жылдар бойы күйеуінің зорлық-зомбылығына төзіп келіпті. Соның салдарынан бүгінде ол жүре алмайды – екі аяғы істемей қалған.

#НеМолчиKZ араласқаннан кейін Петропавлда бес баланың әкесі қамауға алынды
#НеМолчиKZ араласқаннан кейін Петропавлда бес баланың әкесі қамауға алынды

Бұл жарияланымнан кейін құқық қорғау органдары дереу іске араласты.

«Бұған дейін осы оқиға бойынша ішкі істер органдарына ешқандай шағым түспеген. Отбасының тұрмыс жағдайын тексеру үшін полиция қызметкерлері мен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары бірден оқиға орнына барды. 4 пен 17 жас аралығындағы балалардың жағдайы тексерілді, көршілерден сұхбат алынды», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел адам күйеуінің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты өтініш жазған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қосымша тексеру іс-шараларының нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта балалар аналарына жеткізілді», – деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, отбасының барлық балалары кәмелетке толмаған, ал екі ата-ана да мүгедек. Қоғам белсенділерінің айтуынша, көп балалы әке әлеуметтік желілерде мазмұны күмәнді бейнероликтер түсіріп, жариялап жүрген.

«Тик-токта ол қыздарымен бірге түскен, қорқынышты әрі оғаш көрінетін көптеген бейне бар. Ер адамның әрекеті ақылға қонымсыз», – деп жазды өз парақшасында «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Тансари.

Қоғам белсендісі әкені қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде. Оның айтуынша, әйел күйеуінен қатты қорққандықтан, бұрын бірнеше рет арыз беруден бас тартқан.

Қазіргі уақытта әйел мен балаларға психологтар көмек көрсетіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық от шамымен жұмыс істеу кезінде күйік алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *