Шал ақын ауданындағы Көктерек ауылы ішімдіктен бас тартты
Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл саны артты. Қасиетті Шал ақын ауданындағы Көктерек елді мекенінде енді ащы су ішілмейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мұндағы халық жалпы республикалық бастамаға қолдау танытты. Ішімдік — қоғамның залалы. Адамдардың ойын улайды, қылмысқа бастайды, жастардың болашағына балта шабады. Көктеректегі ағайын түзу жолды таңдады.
Шал ақын ауданындағы Көктерек ауылы ішімдіктен бас тартты
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңға құрметпен қарау — әрбір азаматтың заңды сақтау мен жауапкершілігінің айғағы. Ішімдік — адам денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғамның дамуына орасан зиян тигізетін фактор. Сол себепті, бізде «Ішімдіксіз ауыл» қозғалысы кеңінен қолдау тауып отыр. Басқа ауыл тұрғындарына айтарымыз, ішімдіктен бас тартса, таза ұрпақ қалыптасады пен тәртіп бұзушылықтар азаяр еді деп ойлаймын», — деді Аютас ауылдық округінің әкімі Райымбек Қапанов.
Бірлігі жарасқан Көктеректе 50-ге жуық адам тұрады. Ішімдіктен бас тарту мәселесі көтерілгенде халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ шешімге келген.
Айта кетейік, Көктерек — ішімдік тұтынбайтын Шал ақын ауданындағы екінші ауыл. Бұған дейін Еңбек елді мекені шайтан судан бас тартқан.