Бірінші маусым мен 30 қазан аралығында облыс аумағында есірткі қылмысының алдын алуға арналған «Қарасора — 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Науқан аясында полицейлер 93 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Профилактикалық іс-шара есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру мен тасымалдауды тоқтату, есірткі құрамды өсімдіктердің табиғи ошақтарын жою және зиянды заттарды таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау мақсатында өткізілді.
Операция барысында 93 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: үш есірткі контрабандасы, Екі психотроптық заттарды жарнамалау және насихаттау дерегі тіркелді.
Тәркіленген зиянды заттардың жалпы салмағы 730 килограмнан асты. Оның ішінде бір килограмнан астам синтетикалық есірткі бар.
Шара аясында Ақмола облысынан, сондай-ақ Астана және Павлодар қалаларынан келген төрт есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілді. Жабайы өсетін қарасораны жою бойынша 1848 ұйғарым шығарылды. 201 әкімшілік хаттама толтырылды.
«Қоғамдық орындарда есірткі заттарын қолданған 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл шілде айында Петропавл қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде психотроптық заттарды сатқан интернет-дүкен әшкереленді. 27 жастағы ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды», — деді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.
Интернет кеңістігінде де ақпараттық жұмыс күшейтілді. Есірткі сату фактілері бойынша 40-тан астам материал жарияланды. 13 сот үкімі жарық көрді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 120-ға жуық профилактикалық ақпарат жарияланды.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданына 2026 жылы 25 млрд теңге инвестиция құйылады

