Солтүстік Қазақстан облысында аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары арасындағы бейнебайқаудың қорытындысы шықты. Олар «Мемлекеттік тілдегі сот отырысы» тақырыбында жеңімпаздарды анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.
Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – судьялардың істерді мемлекеттік тілде қарау дағдысын қалыптастыру. Бұл үрдісті одан әрі дамыту, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болы табылады.
Байқауға қатысуға 14 аудандық және оларға теңестірілген соттың судьялары ниет білдірген. Мемлекеттік тілдегі сот отырысын бейнежазбаға түсіріліп, облыстық сот судьяларының қатарынан құрылған қазылар алқасының бағалауына ұсынылды.
Қазылар алқасы судьялардың процестік заңнама нормаларын сақтауына, сөз саптау шеберлігіне, өзін-өзі ұстау мәнеріне аса назар аударды.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Есіл аудандық сотының судьясы Эльмира Ярулина, екінші орынды Ақжар аудандық сотының судьясы Арман Ниган алды. Ал, Ғ.Мүсірепов аудандық сотының судьясы Ғалия Ертаева үшінші орынды иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған судьяларға грамоталар мен ҚР Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да орманды өрттен қорғайтын арнайы өрт сөндіру кешендері сатып алынды

