Петропавлда Я. Гашек көшесінде су құбырынан олқылық табылды. Оны жөнге келтіру үшін бірнеше әкімшілік ғимаратты және баспаналарды судан ажыратуға тура келген. Тұрғындар  тәулікке жуық сусыз отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қызылжар су» ЖШС-нің редакцияға берген жауабына сәйкес, Я.Гашек көшесінде  Д 500мм болатын су өткізгіш құбыр зақымдалған. Апаттық жағдай болғандықтан, оны жою үшін бірнеше ғимаратқа су беруді тоқтатқан.

Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бесінші қарашада бірнеше нысан қайтадан сумен қамтамасыз етіле бастады.  Ол Жамбыл көшесіндегі «Дом плитки» дүкені, Гашек көшесіндегі 19 А, 1, 1 Л ғимараттары.

Петропавлда құбыр зақымдалып, тұрғындар сусыз отыр
Петропавлда құбыр зақымдалып, тұрғындар сусыз отыр

«Құбырдың зақымдалғаны туралы төртінші қарашада сағат 16.30да белгілі болды. Назарбаев көшесі 213 және Гашек көшесі 16 мекенжайындағы жатақхана, бес әкімшілік ғимарат: «Арман» асханасы, әл-Фараби мектеп лицейі, әскери бөлімнің бір корпусы, ТҚКС сусыз отыр»,-деп жазылған «Қызылжар су» ЖШС берген жауапта.

Мекеме, барлық олқылықты тез арада жоямыз, деп отыр. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да шетелдік азаматтар отырған автобус жолдың шетіне түсіп кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *