С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ресейде өткен халықаралық фестивальге қатысты. Шығармашылық байқауда театр актері Асылхан Разиев «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Халықаралық фестиваль Хакасия Республикасының Абакан қаласында өтті. Оған ресейлік өнерпаздармен қатар, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінен келген өнер ұжымдары қатысты. Барлығы 10 театр өз өнерлерін көрсетті.
Байқауда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрынің актерлері Н.Гогольдің «Жындының жазбалары» спектаклін қойды. Фестивальде өз рөлін жоғары деңгейде сомдаған көпшілікке жақсы таныс Асылхан Разиев құрметке бөленді. Оған «Ең үздік ер адам рөлі» марапаты табысталды.
Айта кету керек, театр өнерпаздары «Жындының жазбалары» спектаклін байқауларда осымен екінші рет сомдап отыр. Өнер ұжымы дәл осы туындымен республикалық байқауда топ жарса, Санкт-Петербургте өткен шығармашылық сайыста үшінші орынды иеленген.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жастардың экологиялық білімі сыналды

