Ғ.Мүсірепов ауданындағы Целинное ауылында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Соның бірі — сабанмен жылытылатын орталық жылу жүйесі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда Целинное ауылында 200-ден астам баспана бар. Сонымен қатар, мектеп, медициналық пункт, балабақша мен мәдени-сауықтыру кешені бар. Елдімекен түгелімен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Баспана мен мекемелердің барлығы сабанмен жылытылады. Орама арқылы түгел елдімекенді жылыту қаражатты да үнемдейді, экологияға да зиянын тигізбейді. Бұның барлығы жергілікті серіктестіктің арқасында жүзеге асқан.

СҚО-да бүтін бір ауыл сабанмен жылытылады
СҚО-да бүтін бір ауыл сабанмен жылытылады

«Сабанмен жылыту жүйесіне 15 жыл бұрын көштік. Биыл қазандықтар түгелімен күрделі жөндеу көрді. Қондырғылардың барлығын Польшадан әкелдік. Қазіргі таңда күніне 45 орама жағамыз. Ауылды жыл бойы жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 12 мың бума сабан пайдаланылады. Ондаған миллионға көмір сатып алғанша осы жүйені қолданған мың есе артық», — деді «Целинное-2004” ЖШС директоры Серік Ибраев.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық палуандар «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде бақ сынайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *