Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға арналған жаңа MyArmy.kz порталын іске қосты. Енді бұрын әскери комиссариатқа барып қана жасалатын көптеген қызмет онлайн қолжетімді болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Портал арқылы азаматтар мерзімді немесе келісімшарттық қызметке өтуге өтініш бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен таныса алады.  Сондай-ақ кері байланыс формаларын пайдалана алады.

Порталды құру рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу мен құжаттарды рәсімдеу онлайн форматқа ауыстырылып, бюрократияны азайтуға және адами факторды төмендетуге мүмкіндік береді.

Кандидат мерзімді әскери қызмет шарттарымен танысқаннан кейін сайттағы үлгіге сәйкес өтініш береді. Өтініш үш кезеңнен өтеді:

  • Құрылды
  • Өңделіп жатыр
  • Мақұлданды/қабылданбады.

«Құрылды» мәртебесі – өтініш жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) қабылданып, тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын білдіреді.

«Өңделіп жатыр» мәртебесі – тексеру аяқталғанын және үміткердің тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа медициналық комиссиядан өту үшін келуі керектігін көрсетеді. Бұл кезеңді жеделдету үшін кандидатқа қажетті талдамалар мен анықтамалардың тізімі ұсынылады.

Медициналық комиссиядан және кандидаттың жеке қасиеттерін зерделеуден өткеннен кейін өтініштің мәртебесі «мақұлданды» немесе «қабылданбады» болып өзгереді.

«MyArmy.kz порталы SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында іске асырылып отыр. Алдағы уақытта ол  азаматтардың әскермен өзара әрекеттесуін қолжетімді, түсінікті және ыңғайлы ететін заманауи цифрлық құралға айналады. Бұдан бөлек, әскерге шақырылушылар бұрын алған мамандығына және әскери дағдыларды азаматтық салада қолдану мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өздері қалаған әскери бөлімді таңдауға мүмкіндік алады»,- деп нақтылады жауапты министрлік.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындарына 25-ші қыркүйекте көшеде көп жүрмеуге кеңес берілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *