Петропавлдық дәрігерлер жол апатында ауыр дене жарақатын алған азаматтың өмірін сақтап қалды. Ауруханаға жеткізілген кезде ер адамның жағдайы тұрақсыз, өте ауыр болған. Ол 23 күн бойы жансақтау бөлімінде ем алды, деп жазады Qazaqstan Media.
Петропавлдағы көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 22 жастағы жігіт жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр, тұрақсыз халдегі жеткізілген. Мамандар тексеріп, оған көп жерден сүйектердің сынуы, мидың ауыр жарақаты, өкпенің жарақаты, травматикалық шок деген жиагноз қояды. Тіпті оның тірі қалып, сауығып кетуіне үміт аз болған. Бірақ, дәгірлер пациентті соңғы демі қалғанша күресуді жөн санайды. Нәтижесінде ер адамды ажалдан арашалап қалды.
«Ауруханаға түскеннен кейін жас жігітті мамандар командасы толық тексеріп шықты. Реаниматологтар оның жай-күйін бақылауға алды. Хирургтар мен травматологтар қажетті емшаралар жүргізді. Осы маңызды сағаттар пациенттің одан әрі өмірлік тағдырын шешті», -дейді аурухана мамандары.
Пациент 23 күн бойы жансақтау бөілімнде жатқан. Осы уақытта дәрігерлер мен мейіргерлер оның өмірі мен денсаулығы үшін күресті. Кейін екі маңызды операция жасалды: білек пен жамбас сүйектерін бекіту. Бұл операциялар қол-аяқтардың жұмысын сақтап, пациентке аяғына тұрып кетуге мүмкіндік берді.
Ер адам ауруханада 34 күн бойы емделді. Енді емдеу процессін үйінде жалғастырады. Қазір ол балдақтың көмегімен жүреді. Алдағы уақытта ол ұзақ оңалтудан өтуі тиіс.
Тағы оқыңыз: Петропавлда өрттен 43 адамды эвакуацияланды