Қызылжар ауданының тұрғыны балық аулап жүріп мамонт жіліншігін тауып алған. Жәдігерді енді Қозыбаев университетінің археологтары зерттейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков Қызылжар ауданынан табылған бірегей жәдігер – мамонт жіліншігін көпшілікке таныстырды. Бұл олжаны СҚО тұрғыны Әсет Шайкин балық аулап жүріп кездейсоқ тауып алған. Кейін әйгілі археологқа тапсырыпты. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында болуы мүмкін.


«Табылған олжаның ұзындығы 1 метрге жуықтайды. Өте ірі жануарға ұқсайды. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл — шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз», – деді Анатолий Андреевич.

Егер аумақтан қаңқа мен құрал-саймандарды табылса, облыстағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ.

Тағы оқыңыз: 19 жастағы петропавлдық мефедронмен ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *