Қызылжар ауданының әкімі азаматтарды қабылдады. Билік өкілдерімен бетпе-бет жүздесуге атқамінердің орынбасарлары мен өзге де лауазымды тұлғалар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қабылдаушы тарапқа бірнеше адам жүгінді. Зиягүл Жапарова Бескөлдегі “Онтүстік-Шығыс” ықшам ауданында тұратын тұрғындардың бірнеше мәселесін арқалай келген. Алғашқы проблема — аялдама қою.

«”Мирас” балабақшасының жанындағы аялдаманы жүргізушілердің шағымынан кейін алып тастатқан едік. Уақыт өте келе бұл жерге қандай да бір аялдаманың керек екенін түсіндік. Себебі, қар немесе жаңбыр жауған кезде ата-аналар мен балалар қиналады»,- деді Зиягүл Жапарова.

Аудан әкімі бұйымтайды жерде қалдырмады. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар нысан аумағында аялдама пайда болады. Ал екінші мәселе тұтас бескөлдіктерді алаңдатып отыр. 101-ші бағытта қатынайтын автобустың санын ұлғайту қажет.

Қоғамдық көлік үнемі адамға толы әрі көшеде темір тұлпар көбейсе, діттеген жерге уақытында келмейді. Салдарынан халық жұмысқа кешігіп жетеді. Бейбіт Исманов мәселені шешуге ниетті. Әкім жолаушылар тасымалдайтын көлікті көбейту бойынша жұмыспен айналыспақ.

Ашық есік күні тұрғындарды қабылдаумен шектелмейді. Бұл көтерілген сұрақтарға сараптама жасауға, тұрғындарды қандай мәселе толғандыратынын білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы жергілік әкімдік алдағы жұмысты жоспарлай алады.

Ашық есік күні шарасы Қызылжар ауданында жылына екі рет өтеді. Бүгін Бейбіт Исмановтың қабылдауына 40-қа жуық адам келді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік диқандары 500 мың тоннаға жуық астық жинады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *