Ұлттық қауіпсіздік комитеті тамыздан бастап еліміздің бірнеше қалалары мен облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы да бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция  полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өтті.  Нәтижесінде 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алынды.

Олар заңсыз айналымда болған. Оған қоса,  оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруларды іздеу мен анықтау жұмыстары жүргізілді.

СҚО-да «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қару табылды  
СҚО-да «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қару табылды

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда»- деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *