Сапалы ем алуға пациенттің жасы кедергі емес. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 81 жастағы ер адам сол жақ иығының ауыратынына және қолын көтере алмайтынына шағымданып келді. Пациенттің сөзінше – үйінде құлап, иығына ауыртып алыпты, деп жазады Qazaqstan Media.

Қарияны дәрігерлер тексергенде және рентгенография жасағанда иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің сынғаны анықталды.  Алдымен пациентке сынған жеріне блокада жасалды және бекітетін Дезо таңғышы қойылыпты.

«Пациенттің жасына және тәуекелдерге қарамастан, дәрігерлер хирургиялық ем жасау шешімін қабылдады. Қарт  мұқият дайындықтан, барлық қажетті тексерулерден өтті.  Бесінші күні жалпы наркозбен операция жасалды.  Іштен фиксация жасалып, сүйек фрагменттерінің жабық репозициясы жасалды. Ота МӘМС аясында тегін жасалды »,-деп хабарлады аурухана мамандары.

Операцияны травматологтар Михаил Комаренко мен Денис  Петров Денис , анестезиолог — Виталий Соболев жасаған.  Хирургиялық операция сәтті өткен. Тамыр-неврологиялық асқанулар болған жоқ.  Бүгінгі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және амбулаториялық жағдайда емделу үшін үйіне шығарылды. 

Айта кету керек, ота МӘМС аясында тегін жасалды. 

Тағы оқыңыз: Сәкен Амрин СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *