Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір халқын Ұлттық мерекемен құттықтады. Өзінің жылы лебізін ол әлеуметтік парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация біздің Тәуелсіздігімізге жол ашқан маңызды құжат. Республика күні – барша халқымыз үшін ортақ мейрам, елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейтін айрықша күн. Мереке күні сіздерге бақыт пен береке, молшылық пен табыс тілеймін.  Еліміздің егемендігі баянды болсын! Мереке құтты болсын!», – делінген жазбада.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x