Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

Петропавлда Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара үлкен концертке ұласты. Сахна төрінде ретро әндер шырқалып,  орталық алаңға жиналғандар 1990-2000 жылдардың туындыларын тыңдауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Республика күніне арналған мерекелік шаралар түстен кейін де жалғасты. Ауа райына қарамастан алаңға жиналғандардың көңіл-күйі көтеріңкі. Жүздері жадыраңқы.

«Қазір «Октава » шығармашылық бірлестігінің өнерпаздары ән шырқауда. Мен жетекшісімін. Әншілердің барлығы да қала тұрғындары. Олар бірнеше жылдан бері сахнада ән шырқап жүрген азаматтар. Мен барша тұрғындарды мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын», – деді Анна Солдатова.

Сахнада әр түрлі жанрдағы 40-қа жуық ән шырқалды. Бұдан соң 1990-2000-шы жылдарда хит болған әндерге шырқалды. Оларды қалалық мәдениет үйінің әншілері орындады. Концерттің жоғары деңгейде өткенін алаңдағы халықтың қарасынан да аңғаруға болады. Бірі қосыла ән салса, енді бірі ырғала би биледі. Бір сөзбен айтқанда концерт жиналғандардың көңілінен шықты. Орта буын өкілдері жастық шақты еске алып, біраз тынығып қалдық дейді.

Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

«Бұрындары би кештеріне барғанда осы әндер орындалатын. Сол кездегі туындылардың әрқайсысы естелікке толы», – дейді Татьяна есімді қала тұрғыны. 

«Осындай концерт ұйымдастырған жандарға алғымызды білдіремін. Жастық шаққа бір саяхат жасағандай болдық», – дейді қала тұрғыны Алмагүл Наскенова.

Ұлттық мерекеге орай қала тұрғындары үшін концерттік бағдарламадан бөлек интерактивті алаң ұйымдастырылды. Ол жерде тұрғындарға  еліміздің тарихы туралы сұрақтар қойылды.

Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

“Интерактивті ойын Қазақстан аумағында серуендеу деп аталады. Онда Петропавлдан Түркістанға дейін түрлі тапсырмалар орындап, жаяу жүріп өту керек. Қатысушылар сүйектерді лақтырып, фишкаларды пайдаланып, республика картасы бойынша қозғалады. Жеңіске жеткен қатысушыларға тәтті сыйлықтар беріледі», – деді И. Шухов атындағы кітапхана қызметкері Ләззат Бримова.

Орталық алаңда мерекеге орай киіз үйлерде құрылды. Ол жерде өңір тұрғындарының назарына қолөнер көрмесі мен елімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері де ұсынылды.

Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

Сонымен қатар бұл күні мерекеге келушілер үшін дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.

Петропавлда Республика күніне орай ретро әндер шырқалды

“Бүгін ауа-райы салқындау. Бірақ, оған қарамастан біздің көңіл-күйіміз жақсы. Ән айтып, билеп те алдық. Ойындарға қатысып, өз білімімізді де сынадық. Елге танымал актермен суретке түсіп, керемет концерттің куәсі болдық. Барлық қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын”, – деп өзінің мерекеден алған әсерімен бөлісті Елена есімді қала тұрғыны.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі өңір халқын Республика күнімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x