ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі, СҚО әкімінің өкімімен Жанар Құсайын Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Жанар Құсайын 56 жаста. Екі жоғары білімі бар. Экономист және заңгер. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, ал 2019 жылы М. Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1988 жылдың тамызынан бастады. 2002 жылға дейін мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарында түрлі лауазымдарды атқарды.
2010 жылдың 29 мамырынан бастап СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2020 жылғы 22 мамырдан бастап осы тағайындауға дейін СҚО әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Айта кетейік, Жанар Құсайын Рүстем Елубаевтың орнына келді. Ал екі рет Аққайың ауданының әкімі болған атқамінер енді Ақжар ауданын басқармақ.
Ал Жанар Құсайын ауданды басқарып отырған өңірдегі жалғыз әйел азамат емес. Былтыр сайлауда Елена Степаненко жеңіске жетіп, Мамлют ауданының әкімі болып сайланған болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО құрылысшылары кәсіби мерекесін атап өтуде