Наурызда уақыттың өзгеруі ұялы байланысқа әсер етуі мүмкін

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары наурыз айында сервистердің жұмысында ақаулар туындауы мүмкін екенін айтты. Ол ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен кезде болуы ықтимал, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда бірінші наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жүзеге асырылады. Осыған байланысты мобильді операторлардың қосымша сервистеріне техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін. Ол банкинг қызметтері, мемлекеттік қызметтер және басқалары. Сондай-ақ, операторлар қолайсыздықтарды болдырмау үшін тарифтерді алдын ала төлеуге кеңес берді.

«Барлық абоненттік құрылғылар (смартфондар, планшеттер, М2М, модемдер және т.б.) уақыт аймағы туралы жаңартылған ақпаратты уақытында ала алмауы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңызда уақыт белдеуі автоматты түрде өзгеремесе, оны қолмен өзгерту керек», – деп кеңес берді мамандар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр 216 адам туберкулез жұқтырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x