Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Оны сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері қарастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ВАК отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралған. Соның бірі көмірді машиналарға тиеп, шекара асыру. Комиссия мүшелері алдағы жылыту маусымының басталуымен және халықты әлеуметтік көмірмен үздіксіз қамтамасыз етуді ескере отыра, отынды автокөлікпен әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда автобустарда жол жүру ақысы 170 теңгеге дейін қымбаттайды