Желтоқсан айында 2-5 жастағы балаларға екпе салынады – ДСМ

Елімізде желтоқсан айында 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қызылшаға қарсы вакциналау жоспарымен бөлісті.

Елімізде қызылшаның таралуын болдырмау үшін қосымша жаппай иммундау шарасы жүріп жатыр. Ең алдымен екпе 6-11 ай аралығындағы нәрестелерге жасалады. Ал желтоқсан айынан 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды вакциналау басталады.

«Олардың бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алғанына қарамастан, иммундау өтеді. Сондай-ақ қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлерін вакциналау жоспарланған», – деп мәлімдеді ҚР ДСМ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ерекше қажеттілігі бар жандарға кедергі көп

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x