Жатақханадағы жанжал барысында бір студент пышақ жарақатын алды

Петропавлдағы колледж студенттерінің арасындағы жанжал соңы, пышақ жарақатымен аяқталды. Бірге қыдырған жастардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алған,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші курс студенттері жатақханада спирттік ішімдік ішкен. Кейін жастар арасында жанжал туып,  нәтижесінде 17 жастағы студент  пышақ жарақатын алды.  Қазіргі кезде аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

«Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығындағы колледждердің бірінің студенттері  арасында болған төбелестің мән-жайын  анықтап жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.  

Тағы оқыңыз: Кеше СҚО-да қар құрсауында қалған 50-ден астам адам жылыту пунктеріне жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x