Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығы 12 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Елді мекен тұрғындарының көбі өз пайларын осы қожалыққа сеніп тапсырған. Былтыр қожалық халыққа 1073 тонна пай берген

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығы 12 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Елді мекен тұрғындарының көбі өз пайларын осы қожалыққа сеніп тапсырған. Былтыр қожалық халыққа 1073 тонна пай берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Жолдасбай Агро» шаруа қожалығында қазіргі уақытта 184 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақылары – 380 мың теңге. Шаруа қожалығының егіс алқабында майлы, бұршақты және дәнді дақылдар өседі. Олардың жалпы көлемі 40 мың гектар . Өткен жылы мұнда сүт фермасының құрылысы басталды.

Уәлиханов ауданындағы «Жолдасбай агро» шаруа қожалығы былтыр халыққа 1073 тонна пай берген

«Жиын-терім науқаны сәтті өтті. Өнімді уақытында жинадық. Бірақ ауа-райы қолайсыздығынан сапасы орташа болды. Осы жылы егін жақсы шығады деп үміттенеміз, оған мен аграном ретінде бар күшімді саламын»,-дейді «Жолдасбай агро» ШҚ бас агрономы Аян Бақытжанұлы.

Шаруа қожалығында сонымен қатар ірі қара мал, яғни абердин-ангус тұқымды сиырлар өсіріледі. Қазір серіктестікте олардың жалпы саны мыңға жуық. Әр қара малдың орташа салмағы 600 келіге жетеді. Шаруа қожалығы жұмысшыларына жақсы жағдай жасаған. Оларға арнайы әлеуметтік көмекте көрсетіледі.

Уәлиханов ауданындағы «Жолдасбай агро» шаруа қожалығы былтыр халыққа 1073 тонна пай берген

«Біздің шаруа қожалығы өз жұмысшыларына 2 тоннадай астық, шөп және сабан береді. Шипажайларға жолдама ұсынамыз. Сонымен қатар, жұмысшыларға арнап 10 үй тұрғыздық. Алда әлі 20 үйдің құрылысы жоспарланған»,- дейді «Жолдасбай агро» ШҚ бас агрономы Самат Жақыпов.

Елді мекен тұрғындарының көпшілігі өз пайын осы шаруашылыққа сеніп тапсырған. Оларға пайлары уақыты, толық көлемде беріледі екен. Айта кетейік, «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығы былтыр халыққа 1073 тонна пай берген.

Тағы оқыңыз:CҚО-ға биыл үш мыңға жуық адам қоныс аударады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x