Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде жаңа оқу жылы басталды. Биыл білім ұясында 1300-ге жуық студент тәлім алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа оқу жылына орай колледжде салтанатты шара өтті. Қазір оқу ордасында 1271 студент білім алып жатыр. Оның 535-і мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқыса, 736 студент ақылы бөлімде білім алады.
Биыл колледжге 460 бірінші курс студенті қабылданды.

Білім ордасында ең көп таңдалған мамандық – «Мейіргер ісі». Мұнда 563 студент білім алады. «Емдеу ісі» бойынша 449 ұл-қыз оқып жатыр. Студенттердің оқуына қолайлы жағдай жасау үшін колледж аумағында 300 орындық жатақхана құрылысы да жүргізіліп жатыр.

«Жаңа оқу жылы – білім мен тәжірибені ұштастыратын кезең. Биылғы студенттер үшін де Білім күні жаңа белестердің бастауы болмақ. Барлығыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», — деді колледж директоры Нұрболат Иманжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға 2027 жылы ресбупликалық бюджеттен 432,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *