"Солтүстік" үстемақысын қайтару мәселесі әлі шешімін таппаған

Бұрындары төленген «Солтүстік» үстемақысын қайтаруға уақыт қажет. Тиісті министрлік өкілдері аталмыш мәселе бүгін-ертең шешілмейтіндігін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысынан мәжіліске барған депутат Еркебұлан Мәмбетов осыған дейін «Солтүстік» үстемақысын қайтару мәселесін көтерген болатын. Айтуынша, ол өңір халқының әл-ауқатын арттырып, өңірге көшіп келушілердің қызығушылығын оятпақ. Алайда аталған мәселе әлі біраз уақыт әңгіме жүзінде ғана қалатын сыңайлы. Мұны аймағымызға келген ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтып өтті.

«Бұл мәселе көптен бері айтылып жүр. Бұрын Қазақстанда түрлі үстемақы болатын. Қазір олар төленбейді. Және оны қайтару мәселесі дәл қазір шешімін табады деп айта алмаймыз», – деді журналистер сұрағына жауап берген Ерболат Абулхатин.

Тағы оқыңыз: Қазанның бірінен бастап Петропавлда жылыту маусымы басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x