Солтүстік Қазақстанда өндірілген шошқа еті Арменияға экспортталды. Отандық өнімнің алғашқы 20 тоннасы Ереванға жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Тайынша ауданындағы EMC Agro компаниясы жаңа деңгейге көтерілді. Ел бойынша ет және ет өнімдерін өндіретін үздік үштікке кіретін компанияның өнімі шекара асып, Ереванға жөнелтілді. Бұған дейін олардың тауары тек отандық сауда сөрелерінде ғана болған еді.
«Сонымен қатар Гурзияға шошқа етін сату бойынша келіссөздер жүргіздік. Алдағы күндері алғашқы 20 тонна ет жөнелтіледі. Аремния мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын. Кәсіпорын ай сайын ішкі нарыққа 700-800 тонна шошқа етін шығарып отыр. Егер аталмыш елдермен әріптестігіміз ұзаққа созылса, онда өнімнің 50 пайызы экспортталатын болады», — дейді компания өкілдері.
Сонымен қатар, болашақта Қытайда әріптес болуы ықтимал. Көрші мемлекет әлемде шошқа етін көп пайдаланатын елдердің бірі. Биыл жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері өңірімзде болып, EMC Agro-ның өндіріс кешенімен танысқан болатын. Олар жылына 20 мың тонна шошқа етін сатып алуға ниетті екендерін айтқан болатын.
«Біздің табиғи сапалы өнімге сұраныс бар. Біз әрқашан әріптес болуыға дайынбыз. Қытайға етті шығару үшін мемлект тарапынан қолдау қажет. Себебі, біз ҚХР бас кеден басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне кіре алмай отырмыз. Осыған байланысты бұл елдің нарықтарына шығу мүмкін емес. Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жеті облысы ғана Қытайға мұздатылған ет өнімін экспорттай алады», — дейді компания.
EMC agro ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тоннаға жетеді. Тәулігіне 30 тонна дайын өнім өндіруге қауқарлы.
Тағы оқыңыз: Петропавлда білім ордасында ішімдік ішіп, темекі шеккен мектеп есепшісінің үстінен іс қозғалды