Елде ипотека арзандайды. 1 шілдеден бастап оның шекті мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін түседі.  Бұл шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қабылдаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Несие беру талаптары да өзгереді. Мамыр айының ортасынан бастап банк несиелері мен микрокредиттердің пайыздық шегі қайта қаралады. 

Мысалы, кепілсіз берілетін несиелердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. Ал кепілмен алынатын қарыздар үшін бұл көрсеткіш 35%-дан жоғары болмайды.

Халық арасында кең тараған микрокредиттерге де шектеу күшейеді. Енді мұндай қарыздардың үстінен қосып төленетін ақы шектеледі. Ол жылына 179%-дан аспауы керек.

Сондай-ақ, несиеге қатысты барлық комиссия мен қосымша төлемдер енді бір пайыздың ішіне енгізіледі. Қарыз алушы нақты қанша төлейтінін бірден көре алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда егіс науқанына цифрлық мониторинг енгізіледі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *