Шалақындық спортшылар үздік атанды

Шал ақын ауданының құрамасы ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар-2023» фестивалінде чемпион атанды. Дүбірлі дода шілденің 25-і мен 29-ы аралығында Қызылжар ауданында өткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қызылжар-2023» фестиваліне өңірдің барлық 13 ауданының спортшылары қатысты. Ойыншылар 12 спорт түрі бойынша бақ сынасып, өз араларында мықтыны анықтады. Сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының құрамасы чемпион атанды.

Спортшылар бес тас, тоғыз құмалақ, аударыспақ, қазақша күрестен 1-ші орынға ие болды. Түйе палуаннан да алтын медальға қол жеткізді. Ал, жекпе жектен шалақындықтар 2-ші орынды иеленсе, бәйге мен теңге алу спортынан 3-ші орын бұйырды. Айта кетсек, аталған ауданның спортшылары өткен жылы да чемпион атанған еді.

Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев ауданында жаңадан салынған үйлер бұзылуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x