Мағжан Жұмабаев ауданында жаңадан салынған үйлер бұзылуда

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сарытомар ауылында көшіп келетіндерге арналған үйлердің қабырғасын бұзып тастаған. Жергілікті тұрғын үйлерді бұзып тастау себебін анықтап, шара қабылдауды сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Halyq Uni-не сілтеме жасап.

“Бұл үйлерді сала бастағанда ауылымыз жанданады, адамдар көшіп келеді деп қуанған едік. Бұл – белгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың ауылы. Аудан прокуратурасынан бұл мәселені көтеріп, үйлерді неліктен соңына дейін салмағанын анықтауды сұраймыз”, – деді тұрғын.

Ал Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің мәліметінше, үйлерді салу үшін қаржыны жеке кәсіпкер бөлген. Ал «Еңбек» бағдарламасына сәйкес, онда өзге өңірлерден адамдар көшіп келуге тиіс болған.

“Еңбек” еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы 2019 жылы басталып, 2021 аяқталған. Сарытомар ауылында қоныс аударатындарға арналған үйлер осы бағдарлама аясында 2021 жылы жеке кәсіпкердің қаржысына салынды. Қаржы бөлудің аяқталуына байланысты құрылыс тоқтап, іргетасынан басқа құрылыс материалдарын кәсіпкер алып кетті. Үйлерді салуға және сатып алу үшін ақшаны мемлекет бөлмеді”, – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтардың құқығы көбіне бөлшек сауда жасау барысында бұзылып жатады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x