СҚО тұрғындары қаржысының басым бөлігін азық-түлік алуға жұмсайды

Солтүстікқазақстандықтар қаржысының басым бөлігін азық-түлік алуға жұмсайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы департаментінің мамандары хабарлады, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір тұрғындарының ақшалай шығыстары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті. Қазір көрсеткіш жан басына шаққанда 100,8 мың теңгені құраған. Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, облыста тұратын азаматтардың ең көп шығысы тұтынушылық шығындарды (88,3%) құрайды. Материалдық көмекке, алиментке, кредит пен қарызды өтеуге, салыққа ақшалай шығыстардың 11,7%-ы келеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, теріскейліктер ақшаларын негізінен азық-түлік алуға жібереді екен (46,5%). Азық-түлік емес тауарларды сатып алу шығыстары – 26%-ды құрайды. Ал, ақылы қызметтерге жұмсалған шығыстар 15,8%-ы алып тұр.

«Азық-түлікке жұмсалатын отбасы шығыстарының үлкен бөлігі ет және ет өнімдерін (28,7%), нан және жарма өнімдерін (16,5%) сатып алуға жұмсалады. Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқ киім сатып алу басты позицияларды алып тұр – 23,7% (қалалық жерде – 24,6%, ауылдық жерде – 22,6%)», – деп жариялады баспасөз қызметі.

Ақшалай шығындардың 33%-ы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйіді күтіп ұстау және жөндеуге кетеді. 28,9%-ы көлік және байланыс қызметтеріне жұмсалады екен. Білім беру саласына кететін шығындар 7,3%-ты құрайды.

Тағы оқыңыз: «AMANAT» партиясының жергілікті филиалына жаңа басшы тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x