СҚО полиция департаменті жұмысқа шақырады

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жастарды жұмысқа шақырады. Бүгіндері мұнда  300-ге жуық маман тапшы. Оның 45-і учаскелік полиция инспекторы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері облыстық полиция департаментінде 2563 қызметкер жұмыс істеп жүр. Оның 500-ге жуығы қыз-келіншектер. Солардың бірі – Сәуле Андағұлова. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің өзіндік артықшылығы бар дейді.

«Полицейлердің жалақысы жыл сайын тұрақты түрде өсіп тұрады. Одан өзге жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде еңбекақы сақталады, екі айлық жалақы мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Жалдамалы баспанада тұрсаңыз, әр отбасы мүшесіне 49 мың теңгеге жуық пәтерақы төленеді», – дейді СҚО ПД полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Оған қоса, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қызметтік лауазымына байланысты  қосымша ақы төленеді. Ол 25 пайызды құрайды. Шеніне қарай төленетін ақы тағы бар.

«ІІМ жоғары оқу орындары бар. Олар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында орналасқан. Оған орта білімі бар, 16 жастан асқан жастар түсе алады. ҰБТ-дан 50 ұпайдан артық алу қажет. Егер 100-ден артық ұпай жинаса кезектен тыс оқуға түседі. Және тегін оқытылады. Барлық шығындарын мемлекет өтейді. Ал басқа үміткерлерге келетін болсақ, олардың жасы 35-тен аспауы керек. Егер жоғары лауазымдық қызмет болса, онда заңгерлік білім болуы шарт. Үміткерлеріміз тиісті тексерістерден өтеді, жеті заңнама бойынша тест тапсырады. Одан кейін әңгімелесу болады. Содан соң Ақтөбе немесе Қостанай қаласына екі айлық оқуға барады. Осы екі ай ішінде де оларға жалақы жүретін болады», – дейді полиция полковнигі.

Жасалған осындай жағдайларға қарамастан бүгіндері облыстық полиция департаментінде 300-ге жуық бос орын бар. Әсіресе, М. Жұмабаев, Аққайың, Қызылжар, Тимирязев пен Ғ. Мүсірепов аудандарында маман тапшы. Кадр мәселесі департамент бастығының ұдайы бақылауында. Ол үшін түрлі шаралар қолға алынған. Мысалы, қазір қызметкерлер аудандарды аралап мектеп бітіруші түлектермен кәсіптік бағдарлау кездесулерін өткізіп жүр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Ақшақар» спартакиадасы басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x